KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

Жас спортшылар арасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді – Өскемен

23.12.2022, 18:02 667 Ләззат Қанатқызы

25 желтоқсан күні Өскемен қаласында жас спортшылар арасында мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтеді.

Жарыс Б. Александров атындағы спорт сарайында сағат 10.00-де басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қала тұрғындары мен қонақтарын Өскемен қаласы әкімінің кубогына кіші жастағы спортшылар арасында мәнерлеп сырғанаудан жарысқа қатысуға шақырамыз. Іс-шара Абай даңғылы, 2 мекен-жайында орналасқан Б. Александров атындағы спорт сарайында өтеді. Кіру тегін, - делінген Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі таратқан ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу