Өскеменде мұз фестивалі өтті
ШҚО-да жемқорлықпен күрес күніне орай жас мәнерлеп сырғанаушылар арасында мұз фестивалі өтті.
– Мәнерлеп сырғанау – спорт түрлерінің ішіндегі ең әдемісі. Ол адамды өзіне еріксіз баурап алады. Сіздердің болашақта маңдайы жарқыраған жұлдыз болатындарыңызға сенеміз. Спортта үлкен жетістіктерге жетіңіздер! Өмір жолдарыңызда әділетсіздік кезікпегенін, жемқорлықтан аулақ болғандарыңызды тілеймін! Ал біз сіздерге қолдау көрсетуден танбаймыз, – деді жасөспірімдерге сәттілік тілеген «Қазцинк» кәсіпорынының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Андрей Лазарев.
Мәнерлеп сырғанау шарасы Өскемендегі Б. Александров атындағы Спорт сарайында болды.