KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Өскемен: Мектепке "бомба қойылды" деген ақпарат тарады

6.02.2023, 16:34 734 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсіп, оқуышлар шұғыл түрде эвакуацияланды.

№11 мектеп-лицейінде сабақ тоқтатылып, қазір арнайы қызметтер жұмыс істеп, тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 6 ақпанда сағат 14.18-де Өскемен қаласының мектептерінің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы ақпарат түскен. Хабарды ала салысымен мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барып, қызметкерлер мен оқушыларды эакуациялады,- дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір ғимаратта тексеру жүргізілуде. Қорытындысы шыққаннан кейін толыққанды ақпарат берілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу