2023 жыл қоқыс сұрыптау жылы болып жарияланды - Өскемен
Ағымдағы жыл облыс орталығында қоқыс сұрыптау жылы болып жарияланды.
Ол "Таза қала" бағдарламасы аясында іске асырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Ағымдағы жылды қоқыс сұрыптау жылы деп жариялағымыз келеді. Ол үшін бізде мүмкіндікте, инфрақұрылым да бар. Оның аясында биыл көптеген акциялар, челлендждер мен конкурстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Қоқыс сұрыптауды ең алдымен мемлекеттік органдардан, қала басшылығынан бастау керек, - деп атап өтті қала әкімі Жақсылық Омар.
Сонымен қатар, шаhар басшысы мемлекеттік қызметшілер өзге тұрғындарға үлгісі болу керектігін атап өтті. Сондықтан әкімдікке қарасты әрбір ұйымға қоқыс сұрыптайтын контейнерлер қойылмақ.
Оқи отырыңыз