KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
516.93 542.52 4.98

Қайсенов кентінің маңында қалдықтарды биологиялық өңдеу кешені жұмыс істейтін болады

28.06.2022, 11:06 173

27 маусым күні Өскемен қалалық әкімдігінде ҚТҚ жинау, шығару, кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс орталығында біраз уақыттан бері қалдықтарды бөлек жинау жүйесі қолға алығаны баршамызға белгілі. Аталмыш жоба аясында қатты тұрмысық қалдықтарды бөлек жинау үшін қосымша 1274 контейнер орнатылып, 8 жаңа қоқыс тасығыш жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта ҚТҚ-ны сұрыптау желісінің құрылысы аяқталуға жақын.

Әкімдіктегілердің айтуынша, сұрыптау желісін іске қоспас бұрын гректің Sabo S.A. компаниясы іске қосу және бағдарламалау жұмыстарын орындауы керек. Бұл жұмыстардың орындалу мерзімі шамамен 2 айды құрайды. Желі іске қосылғаннан кейін полигондағы қалдықтарды ішінара сұрыптау үдерісін де жолға қойылмақ.

-        Қалада қоқыс жинау алаңдары жөнделді. Десе де оларды жинау және шығару мәселесі нақты шешімін тапты деп айта алмаймыз. Қоқыс шығарушы компаниялар өздеріне алынған міндетті толығымен дұрыс орындамайды. Ауладағы контейнерлер толып, уақытылы шығарылмайды, - деп баса айтты қала әкімі.

b804b863-3edf-4a63-93c6-3dc7d6973aaa.jpg

Осыған орай қала әкімі қысқа мерзімде Өскеменде ҚТҚ басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Бағдарламада қоқыс жинаудың барлық нүктелері көрсетілуі керек, олардың әрқайсысына контейнерлер саны жазылады. Қоқыс тасушылар үшін оңтайлы маршруттар мен жүйелілікті дамыту қажет. Барлық бағыттар қоқыс шығарушы компаниялар арасында конкурстық негізде бөлінуі тиіс. Қазақстанның басқа қалаларынан да компаниялар тартылуы мүмкін.

- Қазір қоқыс шығаруға келісім-шарт жасау-әркімнің заң бойынша міндеті. Бірақ менің ойымша, біз қазір адамдардан бірдеңе талап етуге моральдық құқығымыз жоқ. Біз стандарттар әзірлемейінше, жұмысты ретке келтірмейінше, қаланы жеткілікті контейнерлермен жабдықтамайынша тұрғындардан ештеңе талап етіп, айыппұл сала алмаймыз, - деп атап өтті Жақсылық Омар.

ҚТҚ басқару бағдарламасын және конкурстық рәсімдерді әзірлеу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Осыдан кейін әзірленген алгоритмдер бойынша халықпен белсенді жұмыс бастау болжанады.

Айта кету керек, 2024 жылдың соңына дейін Қ.Қайсенов кентінен сегіз шақырым жерде қала үшін жаңа санитарлық полигон салу жоспарлануда. Мұнда қалдықтарды биологиялық өңдеу кешені жұмыс істейтін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу