Өскемендегі балабақшалардың бір бөлігі ғана ЖБО-ға қосылған
Еліміздегі балабақшалардың барлығында бейнебақылау камералары бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл туралы ҚР Білім министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеген болатын.
ШҚО-да қазір 394 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оларда бейнебақылау камералары орнатылғанымен жедел басқару орталығына кейбірі ғана қосылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ, қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптардың бірі-білім беру мекемелерін дабыл түймелерімен жабдықтау. Әзірге ШҚО-да 200-ден астам мектеп аталмыш түймелермен жабдықталып, осы тармақ бойынша көш бастап отыр.