KZ
Өскемен
-1°
снег жел 5 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Қазақстандағы барлық мектептерге бейнебақылау жүйесін орнатылады

24.11.2019, 08:09 1 989

Қазақстандағы барлық мектептерге бейнебақылау жүйесін орнатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

– ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын, сондай - ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес барлық білім мекемелеріне бейнебақылау жүйесін міндетті түрде орнатылуы және оның жұмысы қадағалануы тиіс, – деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

БҒМ бұйрығының талаптарына сәйкес бейнебақылау жүйесі мектеп айналасындағы үй-жайларды және іргелес аумақтарды периметрі бойынша бақылауы тиіс. Басты және қосалқы кіреберістер, адамдар көп жиналатын аумақтар қамтылады. Сондай-ақ жазба кемінде 30 тәулік сақталуы тиіс.

Министрлік бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкерді тағайындауды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу