KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Шемонаиха – Секисовка бағытында жол қозғалысына шектеу 

22.12.2025, 08:30 67 Базарова Айгүл

«ОблШығысЖол» мекемесінің мәліметіне сәйкес, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының күрт нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар учаскеде жол қозғалысына уақытша шектеу сақталады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Атап айтқанда, боран, қатты жел мен көктайғақтың салдарынан облыстық маңызы бар «Шемонаиха – Секисовка» автомобиль жолының 0–56 шақырым аралығында (Шемонаиха қаласы – Секисовка ауылы) кешеден бері жолаушылар автобустары мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылған.

Жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, алыс жолға шығуды шектеу сұралады. Қозғалыс жағдайы жақсарған соң қосымша ақпарат беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу