Өскеменде ауа сапасы қатты ластанған аудандар белгілі болды

11-17 қазан аралығында Өскемен қаласында зиянды заттардың шеткі рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуінің 116 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.
- Қалада ауа сапасы Д. Серікбаев көшесінің маңында қатты ластанған, - дейді "Қазгидромет" РМК.
ШҚО экология департаментінің мәліметін сүйенсек, қыркүйек айында 17 күн бойы қолайсыз метеожағдайлары байқалса, қазан айында 11 күн болған.