KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Асхат Аймағамбетов: 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе артатын болады

2.10.2020, 09:54 38

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ең басты маман ол - ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық маманды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінде мемлекетімізде ұстаздардың мәртбесін көтеру, оларғатиісті жағдай жасау үшін үлкен іс-шаралар басталып, жүзеге асырылуда. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал саясатының аясында елімізде білім саласын дамытуға зор көңіл бөлініп, ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына ерекше назар аударып, жуырдағы Жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді», - деді министр шара барысында.

Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Жалпы 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы 2 есе артатын болады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив