Мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі
Мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев нақтылап айтты.
Шығыс халқымен жүздескен Бердібек Мәшбекұлы 2 қыркүйектегі мемлекет басшысы жолдауының жүзеге асуы төңірегіндегі мәселелерді талқылады.
Естеріңізде болса, Қ.Тоқаев Тамыз конференциясында "Мұғалімдердің жалақысы төмен, экономика бойынша орташа жалақының 65%-ын ғана құрайды" деген еді.
– Мемлекет басшысы үкіметке нақты тапсырма берді. Мұғалімдердің жалақысы алдағы төрт жыл ішінде екі есеге өсетін болады. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз, – деді Б.Сапарбаев.