KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Тарбағатайдың Маңырақ ауылында таза ауыз су тартылды

22.09.2020, 12:35 153

Тарбағатай ауданына қарасты Маңырақ ауылындағы су құбырлары 1960 жылдары тарылған. Жарты ғасырдан астам уақыт қолданыста болған құбырлардың тозығы жетіп, ауылда ауыз су мәселесі соңғы жылдары өзектілене түсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мұндағы су құбырлары толықтай жаңартылуды қажет ететін. Оның үстіне, ауылға жас мамандарды тарту үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасау қажеттілігі де бар.

Биыл сәуір айында мердігер мекеме «Эсма ХХI» ЖШС су құбырлары жүйесін қайта құру бойынша жұмыстарды бастады. Жобаның сметалық құны - 745,77 млн тенге. Су құбырларының жалпы ұзындығы – 18,9 шақырым. Тұтынушылар саны - 1357 адам. Су құбырлары 215 үйге, мектеп, аурухана, мәдениет үйі мен мешітке тартылып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу