KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Би билеген "прокурорлардың" видеосына қатысты қызметтік тексеріс басталды

15.09.2020, 07:28 105

Оны ҚР Бас прокуратурасының ішкі тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.

Алдында желіде билеген адамдардың видеосы пайда болып, олардың прокурорлар болуы мүмкін екендігі хабарланған еді. Бас прокуратура бұған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін желіде би алаңында көңіл көтеріп, би билеп жүрген адамдардың видеосы пайда болған. Видеода би билеп жүргендер Өскемен қаласының прокурорлары екені айтылған. Видео авторы, "бұл карантин кезінде түсірілген бе" деп ортаға сұрақ қояды.

Сол күні Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы бұл видеоны тексеріп жатқанын хабарлады.

- Қазіргі уақытта барлық көрсетілген мәліметтер бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, оны ҚР Бас прокуратурасының ішкі тергеу басқармасы жүргізіп жатыр, - дейді ШҚО Прокуратурасы. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу