Қазнетте Өскемен прокурорларының билеп жүрген видеосы талқыланып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында "прокурордың" видеосы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Telegram-дағы Kozachkov offside каналында видео тараған. Онда әлде бір көңіл көтерін орындағы би алаңында адамдардың билеп жүргенін көруге болады. Жазба авторының айтуынша, видеода Өскемен қаласының прокуроры да бар.
Видеода ер адам билеп, өзін видеоға түсірген. Сонымен қатар, ол жанында билеп тұрған қызды көрсетеді.
"Өскемендік прокурорлар мықты, жақсы жұмыс істеп, жақсы демалады. Бірақ бір сұрақ бар! Бұл видео карантин уақытында түсірілген бе?", - дейді желідегі жазбаның авторы.
Прокуратураның баспасөз қызметі видеоны көргенін, оның тексеріліп жатқанын айтады.