KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Әкімдіктер бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдау керек – Асқар Мамин

15.09.2020, 05:36 160

Әкімдіктер бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету – қазақстандықтардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі. Биылғы қалыптасқан жағдайда Үкімет пен әкімдіктер өнім өндіруді, сақтауды және барлық өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасы белгіленді, бағаны тежеу міндеттемесімен «қайтарымды схема» арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз беру практикасы кеңейтілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, форвардтық сатып алу механизмі енгізілді», - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, осы шаралар әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын 4,4 пайыз деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік берді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе аз.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу