KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмағандарға айыппұл есептелмейді.

17.03.2020, 04:57 301

Төтенше жағдай кезінде төлемін кешіктірген қарыз алушыларға айыппұл есептелмейтін болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмаған қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасауы керек. Отандық бизнес бірдей шарттармен қосымша қаржылық жүктемесіз қолданыстағы бағдарламалардың жеңілдікті қолдау шараларын пайдаланады», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, ішкі сұраныс пен ұсынысты ұлғайтуда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың әлеуеті мол.

«Осыған орай агроөнеркәсіп кешені саласында кредиттеудің жаңа тетігі енгізіледі. Ол агроөндірушілер үшін қаражат қолжетімділігін арттыруға бағытталады», - деді Асқар Мамин.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу