KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями Штиль
517.66 606.49 6.44

Тарбағатай ауданына әкім тағайындалды

8.09.2020, 07:41 1 110

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне бұрын Көкпекті ауданың әкімі болған Смаилов Асхат Сайдахметұлы тағайындалды.

Асхат Сайдахметұлы – 1968 жылдың 1-наурызында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша оқып бітірген.

1991-1994 жылдары Семей облысы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономисі, 1994-1996 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің салықтарды болжау бөлімінің меңгерушісі, 1996-1997 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ал, 1997-2002 жылы Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары-бюджет бөлімінің басшысы, 2002-2005 жылы Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.

2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

16.02.2009 -23.12.2009 Көкжыра ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2018 Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейiн Көкпекті ауданының әкімі болып еңбек етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу