KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

25.08.2020, 09:04 151

Бүгін Көкпекті ауданының әкімі қызметіне Сәдуақасов Серікқазы Құсайынұлы тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, аудандық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап.

Серікқазы Құсайынұлы Сәдуақасов 26 мамыр 1961 жылы Семей облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тәмәмдаған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың игерудің 50 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған.

Әскери міндетті, запастағы аға лейтенант.

Серікқазы Құсайынұлы өзінің еңбек жолын 1984 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының Теспақан ветеринариялық учаскесінің меңгерушісі болып бастады.

1986 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының бас мал дәрігері,

1992 -1994 ж. Үржар ауданының ауыл шаруашылық басқармасының бас мал дәрігері,
1994-1996 ж. Үржар ауданының «Жанай» атындағы қосалқы шаруашылықтың басшысы, Үржар ауданының «Красный дозор» ұжымдық шаруашылығы төрағасы,
1996-1997 ж. Үржар ауданының «Жаңа - тілек» ЖШС-нің бастығы,
1997-1999 ж. Үржар аудандық ветеринариялық станциясының бас мал дәрігері,
1999-2001 ж. Үржар аудандық аумақтық басқармасы бастығының м.а.
2001-2011 ж. Үржар аудандық аумақтық басқармасының бастығы, ҚР АШМ Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы,
2012- 2014 ж. ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы,
2014-2019 ж. Үржар ауданы әкімінің орынбасары.

2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Серікқазы Сәдуақасов Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі қызметін атқарған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив