ШҚО-да алаяқ спорт жарыстарына ақша тігіп, қаражатты еселеп беруге уәде берген
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар тұрғындардан 1 млн теңге алып, спорт жарыстарынан пайдаға кенелтетінін айтқан, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, Өскемен қаласының үш тұрғыны интернет-алаяқтықтың 90 эпизодына кінәлі деген күдікке ілінген. Олардан бес телефон мен төрт банк картасы тәркіленген.
«Ұсталған үш адам Instagram желісінде спорт жарыстарына ақша тігіп, тұрғындардың қаражатын еселеп беруге уәде берген», - деді ШҚО ПД өкілдері.
Олар үш тұрғынға 1 млн теңге шығын келтірген.
Оқи отырыңыз