Аягөздің тұрғындары риза болып жатыр
Аудан әкімі Сейілбек Ысқақов алдымен қаладағы кәріздік сорғы станциясына барып, іле Бектібаев көшесіндегі ауыз су құбырларын тарту жұмыстарын қарап шықты.
Сонымен қатар М.Горький көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарына барып, жобалық сметалық құжаттамаға кірмеген суағарларды қосымша жасау, сондай-ақ тұрғындардың сұранысы бойынша А.Көшкімбаева көшесіне дейін қосымша қиыршық тасты төсеу жұмыстарын мердігер компания басшысымен меморандум арқылы жүзеге асыратын болады.
М. Горький көшесінің тұрғындары жол жөндеп жатқан азаматтарға жобалық сметаға енбеген қосымша атқаратын жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіруде.
Оқи отырыңыз