Аягөздегі жылу қазандығының құрылысы аяқталуға жақын
«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарлама аясында жөндеуден өтіп жатқан «Солтүстік» жылу қазандығының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды.
"Бұл жылу қазандығына қуаттылығы 1,5 Гкалл құрайтын жаңа 4 қазан орнату жоспарланған болатын,бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, облысы әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен салынып жатқан көпбалалы отбасыларына арналған екі пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысын аралап шықтым. Қаламыздың тазалық және абаттандыру жұмыстары да басты назарымда",-деп жазады аудан әкімі.