«Алакөлдегі анаконда» желіні шулатты

Желіде «Алакөлдің жанында алып жылан жатыр» деген видео тарады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
WhatsАpp-мессенджерінде тараған бейнежазбаның авторы оқиға Қазақстанда болғанын айтады. Сондай-ақ бұл жыланның анаконда екені, ал видео Алакөлге жақын жерде түсірілгені туралы айтылған. Видеоны ер адам көлікте отырып түсірген.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті видеоға түсініктеме берді. Видео басқа елде түсірілген болып шықты. Бейнежазбаға монтаж арқылы қазақ тілінде дыбыс қойылған.
Видеоға дауыс қойып, монтаж жасаған. Қазақстанда анаконда жоқ. Бұл кезекті бір қалжың болуы керек, - дейді комитет өкілдері.
Сондай-ақ комитет өкілдері түпнұсқа видеоны ұсынды.