ШҚО-да үш жасөспірім жоғалып кетті
Шығыс Қазақстан облысында үш жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Николай Женжер, Владимир Женжер және Вадим Стариков есімді үш жеткіншек кеше кешке Алтай ауданындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен. Олардың үлкені Николай – 17 жаста. LIDER.kz еріктілер тобының ақпараты бойынша, орталықтан қашқан күні үстінде қызыл күртеше, қара шалбар және қара қалпақ болған. Ал 14 жастағы Владимир қара күртеше, ашық түсті джинсы және көк қалпақ киіп шыққан көрінеді. Он бес жастағы Вадимнің үстінде сұр спорттық шалбар, күртеше және қара қалпақ болған. Ағайындылардың бойы шамалас –165 сантиметр, Вадим олардан сәл аласалау – 158 сантиметр.
Еріктілер көрген-білген жандардың, 102-ге немесе 8-747-349-57-17, 8-771-205-31-90 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.