ШҚО-да тағы да орман өртенді
Бесқарағай ауданынан 30 шақырым қашықта, «Семей Орманы» мемлекеттік орман қоры резерваты аумағында, өрт шықты. Тілсіз жау 1,2 гектар аумақты шарпып үлгерген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы аса үлкен емес.
«Жел соқпады, ауа райы тымық болды, сол себепті де өртті сөндіру қиынға соқпады», – дейді мамандар.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, жаз басталғалы өңірде 200 орман өрті шықты.
Оқи отырыңыз