Өскеменде қазаннан бастап жол ақысын картамен төлеуге болады
Өскеменде қазан айынан бастап қоғамдық көліктегі жол ақысы арнайы картамен төленетін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
OSKEMENCARD – бұл қалалық қоғамдық көліктерге арналған бірыңғай төлем картасы. Оны валидатор қойылған қоғамдық көліктердің барлық түрінде қолдануға болады.
Валидатор дегеніміз не? Бұл электронды нұсқадағы құжаттарды тексеретін құрылғы. Картамен жол ақысын төлеу үшін оны құрылғыға жақындату керек. Төлем автоматты түрде қабылданады.
Оқи отырыңыз