KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

№3 трамвай түнгі он бірге дейін жүретін болды – Өскемен

17.08.2020, 03:58 191

Өскемендегі №3 трамвай түнгі он бірге дейін жүретін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Өскемен көлік компаниясының» мәліметінше, 17 тамыздан бастап жолаушылардың ең көп сұранысына ие №3 трамвайдың жұмыс режімі ұзартылады.

№3 трамвай жұмыс күндері 23:05-ке дейін жүреді. Соңғы вагон «Өскемен вокзалынан» «Защита» аялдамасына қарай 21:27-де, ал «Защитадан» 22:15-те шығады. №1 және 4 трамвайлардың жұмыс кестесі әзірше өзгеріссіз қалады, – деп мәлімдеді көлік компаниясы.

Айта кетейік, трамвайлар демалыс күндері жүрмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив