KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да тағы бір адам суға кетті

8.08.2020, 19:17 154

Бұл осымен Шығыс Қазақстан облысындағы жыл басынан бері суға батып кеткен 30-шы адам, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар бойынша депарьамент баспасөз қызметі.

«Бүгін кешкісін сағат 19:00-дер шамасында Дубығалы көлінде тұрғындар 1952 жылы туған ер адамның денесін судан шығарып алды. Ер адам шомылуға кетіп, содан қайтып оралмаған. Ол рұқсат етілмеген жерге суға түскен»,-деп түсіндірді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Статистика мәліметтеріне қарағанда, суға көбіне ер адамдар батып кетіп жатады. Оның басты үш себебі бар: біріншісі, рұсат етілмеген жерге шомылу, спиртті ішімдік ішіп, суға түсу және өз күшін дұрыс бағалай алмау.

«Облыс тұрғындарына айтарымыз, шомылған кезде абай болу керек. Тексерілмеген жерге суға түсу қауіпті, ал жар шетінен суға секіру одан да қауіпті. Суға түскенде жағалаудан тым қашық кетпеу керек, өйткені суға батып кететіндердің көбі өздерін мықты жүзгіш санайтындар. Суық суға ұзақ түспеңіздер. Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар, тіпті су таяз болса да»,-дейді құтқарушылар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив