Семейдің Затон жағында суға шомылу өте қауіпті - қалалық ТЖБ
Семейде суға кеткен 39 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осыдан екі күн бұрын, яғни 25 маусымда Семейдегі Затон ауданында тағы бір адам суға кеткен еді. Оқиға орнына құтқарушылар тобы мен полиция қызметкерлері келіп, 4 сағаттан соң ер адамның денесі табылды.
– Затон ауданында суға шомылу өте қауіпті, өйткені су ағынды, бұл аздай суға кеткен адам ішімдік ішкен, – дейді Семей қаласы, ТЖБ, төтенше жағдайды ескерту бөлімінің бас маманы Марат Дәулетин.
Бұл Семей қаласы бойынша ішімдік ішіп суға кеткен екінші адам. Біріншісі 48 жастағы ер адам екенін жазған болатынбыз. Әзірше оның денесі табылған жоқ.