ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы 31 адам суға кетті

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы 31 адам суға кетті, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
«Статистика көрсеткендей, судағы қайғылы жағдайлар көбінесе адамның өз кінәсінен болып жатады. Негізгі себептерін атап айтсақ: рұқсат етілмеген жерге шомылу, спиртті ішімдік ішіп суға түсу және өз күшін дұрыс бағалай алмау», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
ТЖД тексерілмеген жерге суға түсу қауіпті екенін, шомылған кезде жағалаудан тым алысқа кетпеу керектігін, суық суға ұзақ түспей балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау қажет екенін ескертеді.