KZ
Өскемен
-32°
туман жел 2 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

ШҚО-дағы іскер әйелдер медициналық мекемелерге қайырымдылық көмек көрсетті

8.08.2020, 03:35 183

Шығыс Қазақстан облысындағы стационарлар қажетті санитарлық құралдармен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, еліміздегі жағдайға бейжай қарамайтын өңір тұрғындары көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Коронавируспен қарсы күресте «Niet.Woman» бизнес-бірлестігі де шетте қалмады. Көптеген аурухана басшылығымен кеңесіп, қайырымдылық шарасы аясында Өскемендегі медициналық мекемелерге 70 оттегі концентраторы мен 10 мың қолғап (перчатка), 10 мың бетперде (маска), 70 қорғаныс киімін алып берді.

«Niet.Woman» АҚ бизнес-бірлестігінің төрайымы Эльвира Аллахвердиеваның айтуынша, медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге басқа да бірлестіктер атсалысып, демеушілік көрсеткен.

- Біз белсенді әлеуметтік ұстанымды қолдаймыз. Сондықтан шетте қала алмадық. Аурудың соңы неге әкеліп соққанын көрдік. Сол себептен ауруханалар мен дәрігерлерді қолдауға қаржы бөлдік. Бұл қайырымдылық шараға үлес қосқан демеушілерімізбен қала тұрғындарына алғысымды білдіремін. Біздің бірлескен жұмысымыз оң көрсеткіштерге қол жеткізуге септігін тигізетіні анық. Ең бастысы, адамдарға қол ұшын беріп, бірлігімізді сақтайық, - деді Эльвира Аллахвердиева.

Айта кетейікғ аймақта ӨЖЖҚ мен 50 аппарат бар, сондай-ақ 57 цифрлық рентгенге қосымша 10 құрал сатып алынды. Бұдан бөлек 200 монитор, 200  инфузомат, 3 ЭКМО, 178 пульсокметр, 12 ӨЖЖҚ, оның ішінде екеуі балаларға арналған, 1 компьютерлік томография аппаратын сатып алу жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу