ШҚО түрмесінде жазасын өтеуші қыста гүл, жазда құлпынай өсіреді
ШҚО-дағы қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеушілердің бірі құлпынай өсіреді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Евгений Зудин ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде бес жылдан бері жазасын өтеп келеді. Ол адам өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ол қыс мезгілінде мекеменің жылыжайында «Калл» атты гүл өсірген, содан соң ол гүлді жазасын өтеп жатқандар әйелдеріне, аналарына сыйлаған. Евгений қыста гүл, жазда құлпынай өсірумен айналысады.
«Қазір құлпынайдың маусымы. Құлпынайдың бұл түрі «Лорд» деп аталады, оның ерекшелігі – маусымның соңынан шілденің соңына дейін ұзақ әрі молынан жеміс береді. Мен бақшаға қарағанды жақсы көремін, бостандыққа шыққан соң өз үйімнің бақшасын қарап, жеміс-жидек, құлпынай, гүл өсірсем деп армандаймын», – дейді жазасын өтеуші.
Қазір колонияда күніне 1-2 келі құлпынай жиналып, асүйге жіберіледі.