KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Жолда келе жатқан көлік жанып кетті – Риддер

5.08.2020, 06:56 169

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жолда келе жатқан автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ТЖД ақпараты бойынша, Volkswagen Caravelle маркалы автокөліктің тізгініндегі тұрғын «Лесхоздан» шығып кенді қаланың екінші ауданына бара жатқан. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері өртті 15 минуттың ішінде сөндіріп үлгерген көрінеді. Жалын шамамен екі шаршы метрдей аумақты шарпыған.

Оқыс оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД-ның өрт сөндіру қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив