Семейде жолда келе жатқан автокөлік жанып кетті
Семейде жолда келе жатқан автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға кеше сағат 20.00 шамасында болған. Тұрлыханов көшесімен келе жатқан Lada 2110 маркалы автокөлік тұтастай жанып кетті. Абырой болғанда, 23 жастағы жүргізуші аман қалды.
– Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деп мәлімдеді Семей қаласының ТЖ басқармасы.
Оқи отырыңыз