Карантиннен кейін бірінші кезекте қандай нысандар ашылады?
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн-брифинг барысында карантиннен кейін бірінші кезекте ашылуы мүмкін кәсіпорындар тізімін айтты.
"Кәсіпкерлік субъектілерінің алдын ала тізбесі қалыптастырылды, олардың жұмысын карантин режимі аяқталғаннан кейінгі бірінші кезеңде қайта бастау жоспарланып отыр.
Оған сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, балаларды оңалту, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары мен үйірмелер, секциялар, кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар жатады. Әрбір нысан бойынша санитарлық режимнің нақты шаралары қабылданады", - деді Тоғжанов.