KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,3 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Аягөз қаласында жылу трассалары жөндеуден өтеді

26.07.2020, 19:42 204

Аягөз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында «Орталық», «Молочная кухня», «Жаңа», «Гимназия», «Сауле» және «Солтүстік» қазандықтарының жылу трассалары ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Бұл жұмыстар қала тұрғындарының қыс мезгілінде сапалы жылу алуына кепіл болуына байланысты, мердігер компанияларға жұмыстарындағы кемшіліктері туралы айттым. Жылу трассаларды жөндеу жұмыстарын, қойылған талаптарына сәйкес жүргізу бойынша ескерту жасадым. Өткен жылы осы жылу трассаларында жылу жоғалту 30% болса, осы жұмыстардың нәтижесінде жылу жоғалту 5% -ды құрайтын болады, - дейді аудан басшысы.

Өткен жылы «Солтүстік» жылу қазандығына қарасты көпқабатты үй тұрғындары жылу беру сапасының нашарлығын жеткізіп, шағым түсірген екен.

- Себебі «Солтүстік» жылу қазандығы Аягөз аудандық пайдалану бөлімінің теңгерімінде болатын. Ағымдағы жылы осы «Солтүстік» қазандығын аудан теңгеріміне өткізу бойынша жұмыстар жүргіздім. Қазіргі таңда қазандық аудан теңгеріміне өтіп, толықтай жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Жаңа қазандықтар қойылады, - дейді әкім.

Биылғы қыс мезгілінде қала жылумен өз дәрежесінде қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив