KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Аягөз ауданында

23.07.2020, 12:48 263

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет Аягөз ауданына «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.Бахыт, облыстық мәслихат депутаттары, БАҚ және облыс жұртшылығымен бірлесіп Аягөз ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында жаңғыртудан кейін жаңадан ашылған «ASHYQ AKIMDIK» сервистік аудандық әкімдігінің тұсаукесеріне қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылды, онда транспаренттілік, есеп берушілік және қоғамдық диалог құру басты қағидаттар болып табылады.

Сервистік әкімдіктің жұмысы «ореn space» және фронт-офис форматында жүзеге асырылады, осылайша азаматтар үшін мемлекеттік органның ашықтығы, айқындығы мен қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Жоба тұжырымдамасы «бір терезе» қағидаты бойынша облыстың атқарушы билік органдарына халықтың ыңғайлы жүгінуін ұйымдастыруға бағытталған, азаматтарға ашық және кедергісіз қызмет көрсету арқылы қажетті мәселелер бойынша құқықтық көмек пен кеңес алуға мүмкіндік береді, қажетті ақпаратты берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, сервистік әкімдікте мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған.

Сонымен қатар Аягөз ауданының әкімі Д. Оразаевтың, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, дербес бөлім басшыларының, сондай-ақ ZOOM режимінде қосылған ауданның 23 ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы отырысқа қатысушылардың назарын бірінші басшылардың жеке жауапкершілігіне, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын сапалы іске асыруға, ауданда атаулы әлеуметтік көмекке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа заңнамалық новеллаларына тоқталды. Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою туралы ұсынысты қарап, «Шығыс адалдық алаңы» жобалық кеңсе аясында өткізілетін іс-шаралармен танысып және азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Сапар барысында Е.Жалмағамбет Аягөз аудандық балалар интернатының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып оның қызметімен танысты.

Республикалық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ мүгедек балаларды оңалту саласындағы сарапшылардың, психологтардың, жұртшылықтың ұсынымдарын ескере отырып, Аягөз орталығын дамыту жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Биыл көптеген тексерулерден кейін, облыстық бюджеттен қаржыландыру сомасы 463 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

"Бұдан былай аталған орталықтың қызметі қоғам белсенділері, «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің және облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің назарында болады", - деп атап өтті Е.Жалмағамбет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу