KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Семейдегі Ұшақтар кентінде бірқатар мәселелер шешімін табады

23.07.2020, 10:44 244

Семейдегі Ұшақтар елдімекенінде су мен электр энергиясымен қамтылу мәселесі шешіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі елдімекенде су желісін салу туралы шешім қабылдаған еді. Бұл жоба тұрғындарға қала басшылығымен кездесу кезінде таныстырылған болатын. Жобаға сәйкес су желісінің жалпы ұзындығы 40,2 км құрайдв. Жұмыстар 2018 жылдың қазанында басталды. Мердігер компания - "Востокстройгрупп" ЖШС. Бүгінгі күнде жұмыстың 80% жүзеге асырылды. Жұмыстар желтоқсан айында толық аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, кентті энергиямен қамту мәселесі де шешілуде. Ішкі электр желілерін құрастыру жобасымен "ТПЭП" ЖШС айналысады. Келісім-шартқа сәйкес жұмыстар өткен жылдың 13 желтоқсанында аяқталуы тиіс болған. Жобаның уақытылы тапсырылмауы себебінен  қалалық әкімшілік атынан мердігерді мемлекеттік сатып алуда тиімсіз қатысушы деп тану туралы талап жіберілді. Көктемде сот шешімі шығып мердігерге арнайы жаза тағайындалды. Объектіні аяқтау үшін №13 тұйық көшеден РП-ға дейін кабельді орнату, СИП жөндеу және есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыстар атқарылу керек. Барлық жұмыстар жоспарға сай 28 тамызға дейін аяқталуға тиіс.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу