Алтайда дәрі-дәрмек бағасына мониторингі жасалды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек бағаларына мониторингі жасау жұмыстары жалғасуда. Тағы бір мобильді топ Алтай қаласындағы дәріханаларға тексеру жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Nur Otan» партиясы Алтай ауданының филиалы ҚКП мүшелерімен бірлесе отырып, қала дәріханаларында медициналық препараттардың бар-жоғын тұрақты түрде тексеріп, рейд жүргізіп тұратын көрінеді. Бұл жолғы іс-шара барысында ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы дәрілердің қала тұрғындары үшін қолжетімді екенін байқалды. Жапа-тармағай дәрі алып, дүрліккен ел де жоқ дейді мамандар. Дәрі-дәрмектің шекті бағасы сақталған.
Мониторингі жасаған мобильді топ осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.