Күршімдегі дәріханаларға тексеру жүргізілді – ШҚО
Күршім ауданында құрылған мобильді топ дәріханаларға тексеру жүргізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы бастаған топ 8 дәріханаға рейд жүргізді. Олар індет кезінде аса қажетті 47 дәрінің қорын тексеріп, бағаға мониторингі жасады.
Соңғы кезде ыстықты түсіретін және вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс көбейгені байқалады. Тұрғындар «сақтықта қорлық жоқ» дегенге көшкен сыңайлы. Дегенмен дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ, қымбаттауы да мүмкін емес. Жалпы баға тұрақтылығы жіті бақылауда болады, – дейді мобильді топ өкілдері.
Оқи отырыңыз