Абай ауданында дәрі-дәрмек бағасы қалыпты – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дәрі-дәрмек бағасы қалыпты. Мұны арнайы топ өкілдері дәріханаларға рейд жүргізіп, мониторингі жасау арқылы анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерлан Арнаұлы бастаған мамандар «Қазақстан Республикасының азаматтары мен медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету» жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес аудан орталығындағы дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмектердің бағасын бақылап, тұрғындар үшін қаншалықты қол жетімді екенін байқап көрді. Мониторингі барысында дәрі-дәрмектердің бағасын себепсіз қымбаттату фактілері анықталған жоқ.