Өскемен әкімі Жақсылық Омар металлургтерді құттықтады
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін Металлургтер күнімен құттықтады. Құттықтау лебізін қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Құрметті металлургтер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймыз! Металлургтің, кеншінің кәсібі әрқашан ерекше сый-құрмет пен беделге ие. Сіздердің жұмыстарыңыз экономиканы өсіреді, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және басқа салалар мен кәсіпорындардың тұрақты өсуіне негіз жасайды. Осы атаулы күні сіздерге жауапкершілігі мол, ауыр еңбектеріңіз бен қаламыздың экономикалық және әлеуметтік дамуына күн сайын қосып отырған үлестеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді.
Ардақты мамандық иелеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс және кәсіби жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз.
Қала әкімінің айтуынша, бүгінде қаланың кәсіпорындарында жоғары білікті мыңдаған металлург – еңбекқор, жауапкершілігі жоғары және мықты азаматтар жұмыс істеуде. Солардың өз ісіне адалдығы мен шеберлігінің арқасында елдің экономикалық өсімінің берік негізін қалыптастыра алдық.