KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Дәріні шекті бағадан асырып сатқандарға 194 мың теңге айыппұл салынады

17.07.2020, 10:05 69

Дәріні шекті бағадан асырып сатқандарға 194 мың теңге айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасат департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы айтты.

«Дәрінің бағасын белгіленген шекті бағасынан асырып сатқаны үшін 70 айлық есептік көрсеткіш немесе 194 460 тг айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өкінішке орай, мониторинг барысында барлық өңірлерде осындай фактілер анықталды. Мәселен, елордалық дәріханаларда Амлодимед және ЦЕФ-3 препаратының бағасы 3,1 есе асырылып сатылған. Ақтөбе, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында сұранысқа ие препараттардың бағасы шекті құнынан 2 еседен астам жоғары», - деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барсында.

Оның атап өтуінше, анықталған кемшіліктер бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 426-бабы бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылып, барлық тәртіп бұзушылар айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды. «Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметі бойынша бүкіл ел бойынша 65 хаттама түзілді», - деді департамент басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив