Өскеменде дәраханалардағы баға бақылауға алынды
ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Өскемен қаласындағы ірі дәріханаларда вирусқа қарсы препараттардың шекті бағасын көтермеу бойынша мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тексеру жұмыстары 10 шақты дәрілік заттардың (анаферон, афлубин, виферон, генферон, гроприносин, кагоцел, ингавирин, флувир, павомакс, эргоферон, номидес, пикопид) бағалары бойынша жасалды. Бүгінгі таңда шекті бағадан асып кету фактілері анықталған жоқ.
Оқи отырыңыз
Дәріні шекті бағадан асырып сатқандарға 194 мың теңге айыппұл салынадыӨскемендегі дәріханаларда препараттар жеткілікті ме?Өскеменде Қытайда шығарылған дәрілерді лицензиясыз сатып келгенҚазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің бағасы 27% арзандайдыДәрі-дәрмектің бағасына қатысты қайда шағым айтуға болады?