COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болғандардың базасы құрылды
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпараты бойынша, "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасында ШҚО-дағы коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандардың базасы құрылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш Веб-қосымша басқа елдерден келген, сондай-ақ, ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарды бақылайды. Қосымша 10 сәуірде іске қосылған. Ол ақпарат алуға, пациенттерге бақылау жасауға және оларды есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Облыстық департаменттің мамандары қосымшаға аймақ бойынша деректерді енгізіп отырады. Алайда бұл базадағы ақпаратты тұрғындар көре алмайды екен. Ондағы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық ұйымдардың, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлеріне ғана қолжетімді.