Covid-19: Семейде – 27, Өскеменде – 25...
Өткен тәулікте өңірде 124 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны – 46, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 14 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған, 71 науқас өз өтініші бойынша тексерілген, ал қалған 39 адамнан аурудың алдын-алу мақсатында жүргізілген тексеру кезінде қауіпті вирус анықталған.
Қала-аудандар бойынша:
Семей – 27,
Өскемен – 25,
Глубокое – 14,
Тарбағатай – 11,
Катонқарағай – 9,
Алтай ауданы – 8,
Зайсан – 6,
Ұлан – 6,
Жарма – 5,
Бородулиха – 4,
Риддер – 4,
Шемонайха – 3,
Аягөз – 2.
Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізілуде. Ауру ошақтары дезинфекцияланды, – деп мәлімдеді департамент.