KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, В
514.31 603.03 6.4

Covid-19: Өскемен, Семей және Ұланда ғана...

17.08.2020, 08:50 1 786

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен тәулікте өңірде 36 адам коронавирус жұқтырған. Науқастар екі қалада және бір ауданда ғана тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала-аудандар бойынша:

Семей – 20;
Өскеменде – 15;
Ұлан ауданы – 1.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 4 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған, 23 науқас өз өтініші бойынша тексерілген, ал қалған 9 адамнан аурудың алдын-алу мақсатында жүргізілген тексеру кезінде қауіпті вирус анықталған.

Қазір науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізілуде. Ауру ошақтары дезинфекцияланды, – деп мәлімдеді департамент. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу