KZ
Өскемен
-10°
ясно Штиль
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да карантин уақытында 331 мобильді топ құрылды

16.07.2020, 06:04 115

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті емхана қызметкерлерінен 331 мобильді топ құрылған. Аталмыш топ қызметкерлері карантин уақытында тұрғындарға медициналық көмек көрсетпек.

Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов мәлімдеді.

"Семей қаласында 71, Өскеменде 41 және 17 аудан мен қалаларда 219 топ жұмыс жасап тұр. Олар тек азаматтарға шақырту бойынша үйлеріне барып, медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады", – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, аталмыш жобаны қолдау мақсатында аудан мен қала әкімдіктері өздерінің қызметтік көліктерін мобильді топтарға табыстаған.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу