«Ұшақпен вирус шашып жатыр». ІІМ даулы видеоға қатысты түсініктеме берді
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «Қазақстан аумағында ұшақ пен тікұшақтардың көмегімен вирус және биохимиялық қару шашылып жатыр» деген видеолар тарап жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі осыған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«ІІМ мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейнематериалдардан тұратын жазбаларды анықтады. Онда автор кадрлардың Қазақстанда түсірілгенін айтады. ІІМ Тергеу департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Министрлік бейнежазбаның толық нұсқасын зерттеді, ол видеороликтағы ұшақ – АҚШ-тағы өртті сөндіруге жұмылған Tanker Air Carrier 914 екенін көрсетті», - деді министрлік өкілдері.
Тарап жатқан видео америкалық Goal Aircraft жекеменшік әуекомпаниясының Facebook желісіндегі парақшасынан көшірілген көрінеді.
ІІМ ескертеді: жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.