KZ
Өскемен
-9°
ясно жел 3 м/с, Ю
504.76 593.8 6.5

ШҚО дәрігерлеріне көмекке Татарстаннан әріптестері келеді

9.07.2020, 04:37 206

Татарстаннан 20-дан астам маман ШҚО дәрігерлеріне көмекке келмек. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Облыс әкімі  8 шілде күні Татарстан Республикасы Президентімен тиісті келіссөздер жүргізді.

Осылайша дәрігерлер қиындық туғызған мәселелерді бірге шешіп, біліктілік бойынша кеңес береді.

- Бүгін Татарстан Президенті Рустам Нұрғалиұлы Миннихановпен келіссөздер жүргізгенімді ерекше атап өткім келеді. Жақын арада Татарстаннан келген 20-дан астам тәжірибелі маман біздің дәрігерлерімізге бірқатар бағыттар бойынша кеңес беру үшін ШҚО-ға арнайы келеді, - деп хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу