Татарстан дәрігерлері Көкпекті мен Тарбағатайға аттанады
Бүгінде Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Оған үш күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар аттанады.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
- Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Оған үш күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар аттанады. Аудан ауруханалары барлық қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік желілерде пайда болған оттегінің жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа сай емес. Ал дәрігерлер өздерін қорғай білулері керек. Дәрігерге ренжіп, бүкіл жүйеге әлеуметтік желілерде кір келтіруде. Бұған жол бермеу керек, - деп атап өтті Даниал Ахметов.